"АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БІРЖАН САЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ БАЙМЫРЗА АУЫЛЫНЫҢ НЕГІЗГІ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ
КГУ "ОСНОВНАЯ СРЕДНЯЯ ШКОЛА СЕЛА БАЙМЫРЗА ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ ПО РАЙОНУ БИРЖАН САЛ УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНКОЙ ОБЛАСТИ"

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 16-бап «Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру»

07.10.2019

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 16-бап «Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру»

 

1.       Ақпарат иеленушілер интернет-ресурстар құрады.

2.       Осы Заңның 8-бабының 1) тармақшасында көрсетілген ақпарат иеленушілер интернет-ресурстарды мемлекеттік органдар интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында орналастырады.

3.       Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1)      ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты:

ақпарат иеленушілердің ұйымдық құрылымын, олардың басшылары туралы мәліметтерді;

ақпарат иеленушілердің қызметі туралы ресми жаңалықтарды (баспасөз релиздерін);

ақпарат иеленушілердің қызметінде болатын алдағы оқиғалардың ресми күнтізбелерін;

ақпарат иеленушілердің басшылары мен олардың орынбасарларының ресми сөйлеген сөздерінің және ресми мәлімдемелерінің мәтіндерін;

мемлекеттік және салалық бағдарламалар, тұжырымдамалар, доктриналар, аумақтарды дамыту бағдарламалары мен жоспарлары, стратегиялық жоспарлар, тиісті саланы дамытудың стратегиялары мен жоспарлары, нысаналы бағдарламалардың және тұжырымдамалардың жобалары туралы мәліметтерді;

ақпарат иеленуші жұмыс органы болып табылатын консультативтік-кеңесші органдардың (кеңестердің, комиссиялардың) қызметі туралы ақпаратты;

республикалық және жергілікті бюджеттер, Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры қаражаттарының пайдаланылуы туралы ақпаратты;

ақпарат иеленушінің нысаналы және өзге де бағдарламаларға, халықаралық ынтымақтастыққа қатысуы туралы ақпараттық хабарларды;

мемлекеттік орган, оның аумақтық органдары, жергілікті өзін-өзі басқару органы, ведомстволық бағынысты ұйымдар өз құзыреті шегінде жүргізген тексерулер нәтижелері туралы, сондай-ақ мемлекеттік органда, оның аумақтық органдарында, жергілікті өзін-өзі басқару органында, ведомстволық бағынысты ұйымдарда жүргізілген тексерулер нәтижелері туралы ақпараттық хабарларды;

атқарылған жұмыс туралы есептер мен баяндамаларды;

орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау қорытындыларын;

мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қоғамдық бағалау нәтижелерін;

2)      ақпарат иеленушінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдары құрылымдық бөлімшелерінің тізбесін, олардың міндеттері мен функцияларын, сондай-ақ олардың басшылары туралы мәліметтерді;

3)      ақпарат иеленушінің аумақтық органдарының тізбесін (олар болған жағдайда), олардың міндеттері мен функцияларын, сондай-ақ олардың басшылары туралы мәліметтерді;

4)      ақпарат иеленушінің құзыретін, өкілеттіктерін, міндеттері мен функцияларын регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді;

5)      ақпарат иеленушінің норма шығармашылық қызметі туралы ақпаратты:

ақпарат иеленуші қабылдаған нормативтік құқықтық актілер тізбесін;

ақпарат иеленуші қабылдаған және қол қойылған телнұсқаларға толық сәйкестікте қолданысқа енгізілген нормативтік құқықтық актілерді;

ақпарат иеленуші әзірлейтін нормативтік құқықтық актілер жобаларының мәтіндерін, сондай-ақ түсіндірме жазбаларды, салыстырма кестелерді, ғылыми сараптамалардың қорытындыларын және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің сараптама қорытындыларын;

ақпарат иеленуші әзірлейтін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын, сондай-ақ олардың жария талқылануы аяқталғаны туралы есептерді;

6)      ақпараттық ресурстар мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты:

ақпарат иеленуші құрған бұқаралық ақпарат құралдары туралы мәліметтерді (болған жағдайда);

ақпарат иеленушінің қарамағындағы дерекқорды, тізілімдерді, тіркелімдерді, кадастрларды;

көпшілікке қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстар мен жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін электрондық қызметтер тізбелерін;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізілетін мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді;

7)      статистикалық ақпаратты:

ведомстволық статистикалық дерекқорды;

ақпарат иеленушінің құзыретіне жататын бөліктегі саланың (аяның) жай-күйін және даму серпінін сипаттайтын ақпаратты;

8)      ақпарат иеленушінің қызметі туралы талдамалық баяндамаларды және ақпараттық сипаттағы шолуларды;

9)      халықаралық ұйымдардың ақпарат иеленушілердің қызметі мәселелері бойынша қорытындыларын, сараптамалық бағаларын, ұсынымдарын және басқа да талдамалық материалдарын;

10)    ақпарат иеленушінің жұмыс тәртібі туралы ақпаратты:

ақпарат иеленушінің рұқсат беру әрекеттерін (лицензиялау, аккредиттеу, тіркеу және басқалар) (мұндай өкілеттіктері болған жағдайда) жүзеге асыру тәртібін;

Қазақстан Республикасының заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ақпарат иеленуші қарау үшін қабылдайтын өтініштер мен сұрау салулардың үлгілерін;

11)    конкурстар, тендерлер өткізу туралы ақпаратты:

ашық конкурстық сауда-саттықтар (аукциондар, тендерлер), сараптамалар мен басқа да іс-шаралар туралы мәліметтерді және оларды өткізу шарттарын;

бұларға жеке және заңды тұлғалардың қатысу шарттарын;

өткізілген ашық конкурстық сауда-саттықтар (аукциондар, тендерлер) хаттамаларын;

12)    жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тәртібін;

13)    жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін;

14)    алқалы органдардың ашық отырыстарының стенограммаларын және (немесе) хаттамаларын;

15)    халыққа жүргізілген сауалнамалар туралы деректерді, ақпарат алуға арналған сұрау салуларды жинақтап қорытуды және талдауды;

16)    «Сұрақ-жауап» сервисінің болуын;

17)    азаматтарға жүргізілген интерактивті сауалнамаларды;

18)    жаңалықтар легін;

19)    ақпарат иеленушілердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының пошталық мекенжайын, электрондық поштасының мекенжайын, анықтама қызметтерінің телефондарын;

20)    ақпарат пайдаланушылар бірнеше рет (кезегімен келетін күнтізбелік үш ай ішінде екі және одан да көп рет) сұрататын ақпаратты;

21)    Қазақстан Республикасының заңнамасында орналастырылуы міндетті деп белгіленген өзге де ақпаратты немесе ақпарат иеленуші орналастырылуы қажет деп санайтын ақпаратты орналастыруға міндетті.

4.       Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарында:

1)      бюджет қаражаты саласындағы ақпаратты:

республикалық және жергілікті бюджеттердің жобаларын;

бюджеттік есептілікті;

шоғырландырылған қаржылық есептілікті;

мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін;

2)      әкімшілік мемлекеттік қызметтің бос лауазымдарына орналасуға жарияланған конкурстар туралы ақпаратты;

3)      кадрлық және қаржылық мәселелерді, ведомствоішілік жұмысты ұйымдастыру мәселелерін реттейтін құқықтық актілерді қоспағанда, құқықтық актілерді;

4)      мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін;

5)      шет мемлекет, халықаралық немесе шетелдік ұйым және (немесе) қор ұсынған, алынған және пайдаланылған гранттар туралы ақпаратты да орналастыруға тиіс.

5.       Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар Архивтерді және құжаттаманы басқару жөніндегі орталық мемлекеттік орган өзінің интернет-ресурсында Ұлттық архив қоры құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы деректер жиынтығын (каталогін) орналастырады.

7.       Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстарында:

1)      кадрлық және қаржылық мәселелерді реттейтін құқықтық актілерді қоспағанда, құқықтық актілер;

2)      мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттері;

3)      жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар басшыларының есептері;

4)      шет мемлекет, халықаралық немесе шетелдік ұйым және (немесе) қор ұсынған, алынған және пайдаланылған гранттар туралы ақпарат;

5)      әкімшілік мемлекеттік қызметтің бос лауазымдарына орналасуға жарияланған конкурстар туралы ақпарат та орналастырылуға тиіс.

8.       Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының интернет-ресурстарында:

1)      жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына жүргізілген мониторинг нәтижелері және жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздері туралы есеп;

2)      жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын шақыру уақыты, орны және талқыланатын мәселелер;

3)      жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамалары, сондай-ақ оларда қабылданған шешімдер де орналастырылуға тиіс.

9.       Осы баптың 3-тармағында көрсетілген мәліметтермен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің интернет-ресурстарында:

1)      жарияланған бос лауазымдар туралы мәліметтер;

2)      бос лауазымдарға орналасуға кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары;

3)      бос лауазымдар туралы ақпарат алуға арналған телефон нөмірлері де орналастырылуға тиіс.

10.     Бюджет қаражатын алушылардың интернет-ресурстарында мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалануға қатысты және қол жеткізу шектелген ақпаратқа жатқызылмаған ақпарат орналастырылады.

11.     Монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің интернет-ресурстарында монополиялық жағдайға ие нарық субъектілері өндіретін және өткізетін тауарларға баға белгілеу мәселелерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ олар өндіретін (өткізетін) тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар орналастырылады.

12.     Өзінің интернет-ресурсында ақпарат орналастыруға техникалық мүмкіндігі жоқ ақпарат иеленуші оны жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастырады.

13.     Ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында жаңалықтар легін жаңарту күн сайын жүзеге асырылуға тиіс, өзге бөлімдерді жаңарту ақпарат алынған немесе құрылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

14.     Интернет-ресурстағы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде берілуге тиіс. Ақпарат иеленушінің интернет-ресурсының басқа тілдердегі нұсқалары да болуы мүмкін.

15.     Ақпарат иеленушінің интернет-ресурсында қол жеткізу шектелген ақпарат орналастырылуға жатпайды.

16.     Интернет арқылы нормативтік құқықтық актілерге тегін қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы да қамтамасыз етіледі.

Просмотров: 573


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст